Маңғыстауда 18 оқу орталығы жұмыссыздарды қайта даярлауда

628

Маңғыстау облысында “Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған” ұлттық жобасы жүзеге асуда. 

Маңғыстауда 18 оқу орталығы жұмыссыздарды қайта даярлауда Фото: Google

Қазіргі таңда "Атамекен" ҰКП тізілімінде Маңғыстау облысынан 18 оқу орталығы енгізілген. Оның 8-і кәсіпорындарда, 5-і колледждерде, 4-і дербес және 1-і жоғары оқу орны жанынан ашылып отыр. 

Бұл оқу орталықтары өңірдегі жұмыс берушілердің сұранысы бойынша мамандарды даярлауға құқылы. Мұнда жұмыссыз азаматтар үшін тігінші, шаштараз, тырнақ әрлеуші, кассир, мемлекеттік сатып алу, наубайшы, аспаз, кондитер, тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі сияқты 32 мамандық бойынша қысқа мерзімді курстар өткізіледі. 

Оқу орталықтары бірқатар талаптарға, оның ішінде тәлімгерлікпен дуальды оқыту элементтерін пайдалану, белгіленген үлгідегі сертификат беру арқылы кәсіптік оқытуды өткізу тәжірибесіне сәйкес келеді. Әрі ұлттық палатаның тізіліміне енгізіледі. Басты талап – орталықтардың базасында оқытылатын тұлғаларды жұмыспен қамту деңгейі 60 пайыздан кем болмауы тиіс.

Жұмыссыз азаматтар қысқа мерзімді оқытуға қатысу үшін Жұмыспен қамту орталығына хабарласуы қажет.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу