Маңғыстауда 185 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласы мекенжайы бойынша орналасқан өнеркәсіптік аймақ аумағындағы қоймадан көлікке жүк тиеп жатқан үш адамды ұстаған. Тінту барысында ГАЗель бортынан 185 келі 980 грамм сары түсті марихуана бар сегіз картон қорап табылып, тәркіленген. Полиция дерегінше, есірткі оңтүстік облыстардан Маңғыстау облысының аумағына одан әрі тасымалдау мақсатында әкелінген.
"38 жастағы әйел мен 28 және 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті жедел-тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде", – деп жазылған ақпаратта.