Маңғыстауда 2 мыңнан астам әйел күйеуінен зәбір көрген

1069

Маңғыстауда 2 мыңнан астам әйел күйеуінен зәбір көрген

Биылғы жылдың басынан бері Маңғыстау облысында 2 мыңнан астам әйел күйеулерінен зәбір көргенін айтып, полицияға арызданған. Жәбірленгендердің бәріне құқықтық және психологиялық көмектер көрсетілді деп жазады Tumba.kz сілтеме жасап sn.kz. Олардың бірқатары дағдарыс орталықтарына жіберілген.

Әйеліне қол көтерген ер азаматтар ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жауапкершілікке тартылған. Ал, соққыға жығылып, айтарлықтай ауыр жарақат алған әйелдер саны биыл үшеуді құрап отыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, былтыр да үш әйел дәл осындай себеппен дәрігерлер көмегіне жүгінген екен.

"Мұндай жайттар бізде тым жиілеп кетті. Әсіресе, кеше ғана тұрмысқа шыққан жас келіндер көп шағымданады. Тіпті, отбасылық ұрыс бола қалса проблеманы полициямен шешуге тырысатындар көп. Бәлкім күйеулерін осылайша қорқытқысы келетін болар. Ал, полиция араласа бастаса араға ақсақалдар түсіп, жастарды жарастырып жатады. Олар ерлі-зайыптыларға ақыл-кеңесін айтып, үйдегі ыдыс-аяқ дауысын сыртқа шығармау керектігін түсіндіреді. Мұндай үлкендер бәрінің үйінде болса жақсы, болмаса заң аясында араласуға тура келеді", – Маңғыстау облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Эльмира Хасанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу