Оның 9-ы балық ресурстарына байланысты ҚР ҚК 335-бабы бойынша қозғалса, 37 дерек сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысумен ҚР ҚК 339-бабы бойынша тіркелген. Қалғандары ҚР ҚК 334 және 287-баптары бойынша қозғалды. Табиғат қорғау заңнамасына сәйкес, 335 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Жыл басынан бері браконьерлерден "Қызыл кітапқа" енген 1 991 келі бекіре тұқымдас балық және 500 грамнан астам осы балықтың уылдырығы тәркіленген.
Мәселен, 10 күн бұрын "Қаламқас" мұнай-газ кен орны бағытындағы жолда "Газель" автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында салмағы 34 келі бекіре тұқымдас заңсыз ауланған балық, үрлемелі қайық және балық аулауға арналған торлар табылды. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.