Маңғыстауда 20 мыңға жуық оқушы 1-сыныпқа барады

894

Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш тағы да артуы тиіс.

Маңғыстауда 20 мыңға жуық оқушы 1-сыныпқа барады

Oблыс бойынша балалар санының өсуі  байқалады. Тиісті межеден асып, Қазақстанда ең жоғары көрсеткішке жеткен. Сонымен қатар, өңірде үш ауысымды білім беру жағдайы да аса өзекті мәселеге айналды. Маңғыстау бойынша үш ауысымды 15 мектепте оқушылар білім алып жүрсе, апатты жағдайдағы 2 білім ошағы бар. Ал үш ауысымды мектептерде 3677 оқушы оқитын көрінеді. Сондай-ақ, өңірде 24 мектепте 9056 орын тапшылығы байқалады.                                                                                                             

"2018 жылдан бері Маңғыстау өңірінде 16 мектеп және 6 мектепке қосымша құрылыс пайдалануға берілді. Былтырғы оқу жылындағы дерекке сәйкес, өңірде 183 мектеп жұмыс істеді. Оның ішінде 145-і мемлекеттік болса, 29 білім ордасы жекеменшік санатқа жатады. Сонымен қоса, 4 кешкі және 5 арнайы білім беру ұйымдары бар", - дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасының мамандары.

Облыста барлығы 175370 оқушы білім алып жүрсе, оның ішінде күндізгі мектептерде 165509 бала оқиды екен.

Қазіргі уақытта 4800 орындық төрт мектеп, оның ішінде Ақтау қаласы 18 ш/а, 19 А ш/а, Мұнайлы ауданында Басқұдық, Алау және Қызылтөбе ауылдық округінің Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивінде құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша 625 орындық 3 мектепке 3 қосымша құрылысы жалғасуда. Соңғы үш жылдағы көрсеткіш бойынша, орта білім беру саласындағы жеке сектордың үлесі жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу есебінен жүзеге асырылып келеді. Жаңа оқу жылында Ақтау қаласында 6 және Мұнайлы ауданында 3 жекеменшік мектеп есігін айқара ашпақ. Бұдан бөлек, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасымен 22 900 орынға есептелген 21 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Егер жоспар толық жүзеге асқанда аталған білім ордаларында 22900 оқушы білім алмақ.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу