Маңғыстауда 200-дей адам жұмыссыз қалуы мүмкін

1221

Маңғыстау облысында мұнай  саласына сервистік қызмет көрсететін "Мобил сервис" ЖШС жұмысшылары еңбек келісімшартының тоқтайтынына наразы.  

Маңғыстауда 200-дей адам жұмыссыз қалуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Олар қымбатшылық бүйірден қысқан заманда нәпақасыз қалудың мұң екенін айтады.

"Мобил сервис" серіктестігінің басшылығы жұмысшыларға бір ай уақыт берген. Оған себеп – компанияның жаңа жұмыс көлемін алмауы екен. Жұмысшылар бұл шешімімен келіспейді. Өйткені осы жұмысқа сенгеннен кейін қомақты несие алғанбыз дейді.

"Тендер тапсырысы бітті дейді. Сонда тендерді алады? Ертең басқа мекеме алған жағдайда біз  жұмыссыз қалмауымыз керек пе? Әр отбасының кредиті бар, әркімнің өз проблемасы бар. Онсыз да зейнетақы қорына уақытылы қаражат түспей, құзыретті органдарға арыз жазғанымызда түсірген. Еңбек демалысына шықсақ та, демалыстан келген соң төлейді ақымызды",- дейді жұмысшылар.

Олар басшыларының жауапсыздығына риза емес. Жақында ғана кейбір жұмысшыларды ақысыз демалысқа шығуға мәжбүрлегенін алға тартты. Еңбек инспекциясының мамандары арыз бойынша жұмыс істеуге кірісті. 

"Қазіргі таңда "Ойл констракшн компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Мобил сервис груп" мекемесінің арасындағы шартты бірінші сәуірге дейін ұзартты. Сол бірінші сәуірге дейін екі мекеменің арасындағы проблемалық мәселелер талқыланып қаралатын болады",- дейді Маңғыстау облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Ақгүл Аманшаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу