Маңғыстауда 200 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

653

Сонымен қатар Ақтау тұрғынының автокөлігінің жүк салғышынан 30,5 келі бекіре балығы табылды. 

Маңғыстауда 200 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді Фото: polisia.kz

“Бекіре” ЖПІШ аясында полиция қызметкерлері 17 сәуір күні сағат 22:35 шамасында Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында орналасқан “Kazpost” ғимаратынан 25 дана заңсыз ауланған, салмағы 165 келіден асатын бекіре тұқымдас балықты анықтап, тәркіледі.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 42 және 25 жастағы күдіктілердің жеке бастары анықталып, ұсталды.

Тәркіленген балық "Kazakh Ossetr" ЖШС мекемесіне тапсырылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу