Маңғыстауда 200 жылқы суықтан қырылып қалды

7601

Маңғыстау облысында жайылымдағы жылқылар қақаған суыққа шыдамай, қырылып қалды, деп хабарлайды Atameken Business.

Маңғыстауда 200 жылқы суықтан қырылып қалды

Аудандарда 200-ге жуық жылқының өлексесі табылды.

Арнайы комиссия тобы шаруалармен кездесіп, шығын болған мал санын анықтауда. Олардың айтуынша, жылқылар өрісте қараусыз қалған.

Биыл өңірде қуаңшылық болып, шөп жоқ. Оның үстіне бір айдан бері үскірік жел толассыз соғып, жерге мұз қатқан, ал қар қалың жатыр. Жануарлардың тұяғын мұз кесіп, үйелеп қалған.

Мал иелерінің өздері төрт түлікті қысқа дайындап, жем-шөппен қамтамасыз етуі қажет еді дейді, мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу