Маңғыстауда 240 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

511

Мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің кадастрлық құны 270 млн теңге.

Маңғыстауда 240 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жалпы аумағы 240 мың гектарлық жер учаскелері ауыл шаруашылығы саласынан қайтарылып отыр. Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлағандай, Қарақия мен Түпқараған аудандарының жеке кәсіпкерлері жайылымға жер алған. Мал шаруашылығымен айналысу мақсатында берілген учаскелерде жануарларының саны жайылымның жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті нормасына сәйкес келмеген.

Сондықтан да ауқымды жерлер жылдар бойы тікелей мақсаты бойынша пайдаланылмай, бос жатқан болып шықты. Ал өңірде мал шаруашылығын дамытқысы келетін басқа шаруалар жайылымдық жерлерге аса мұқтаж. Бұл саланың қалыпты дамуына тиісінше кедергі келтіріп, прокурорлық қадағалау шараларымен жерлер мемлекетке қайтарылды. Осыған сәйкес жұмыстар алда да жалғасатын болады дейді прокурорлар.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу