Маңғыстауда 25 мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген

357

Маңғыстау облысында көлік салығын төлемеген автокөлік иелері мемлекеттік қазынаға 1,038 млрд теңге қарыз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда 25 мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген Фото: Мемлекеттік кірістер департаменті

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, өңірде 25 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі көлік салығын уақытында төлемеген.

Қазір оларды мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары жергілікті полиция қызметкерлерімен және сот орындаушыларымен бірлесіп іздеуде.

"Олар күн сайын жолдарда борышкерлерді анықтау және салық төлету үшін рейдтер жүргізеді. Рейдтік топқа көмектесу үшін – бейнебақылау камералары мен арнайы бағдарламаларды қоса алғанда, жол қозғалысын бақылаудың техникалық құралдары пайдаланылуда. Олардың арқасында көлік иесі қанша қарыз болғанына қарамастан, машиналарды қозғалмалы ағынмен анықтау оңай. Қарызы бірнеше жүз мыңды құрайтындар да бар. Рекордсмендер 3,9 млн теңге қарызы бар Mercedes GL 450 автокөлігінің иесі және қазынаға 1,2 млн теңге төлеуге уақыт немесе ақша таппаған Lexus LX 470 иесі болып шықты", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақтау Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шапағат Әзірхановтың ақпараты бойынша, автокөлік иесі көлік салығын төлеп, сол жерде қарызын өтеп және қозғалысын жалғастыра алады.

Әйтпесе, көлік айыппұл тұраққа жеткізу үшін дереу босатылуы керек. Берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын болса, борыш сомасын мәжбүрлеп өндіріп алу үшін салық бұйрығын жеке сот орындаушыларына береді.

"Жаппай рейдтердің алғашқы 10 күнінде полицейлер мен Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары аялдама орнында иелері салық берешегін төлей алмаған бірқатар автокөліктерді айыппұл тұрағына жіберді. Бірнеше ондаған автокөлік иелері бірден салықты төлеп, қазынаны 10,4 млн теңгеге толықтырды", – деп атап өтті мамандар.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу