Маңғыстауда 30 жылдан соң кәсіби балық аулау жұмысы қолға алынды

Биыл облыста 45 тоннадан аса балықтар өсірілген. 

Маңғыстауда 30 жылдан соң кәсіби балық аулау жұмысы қолға алынды Фото: sputnik

Бүгінгі күні Каспийден балық аулайтын замануи кемелер сатып алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, 2025 жылы өңірде 286 тонна балық өсіру жоспарланған. Ал, биыл балықпен айналысатын 3 кәсіпорын 45,5 тонна бекіре тұқымдас және жайын балықтарын өсірген. 

– Биыл Түпқараған ауданында бекіре балығы мен уылдырық өндіретін ферма салу үшін 56 гектар жер учаскесі берілді. Ферма құрылысы 2025 жылдың басында басталады деп күтілуде. Жоба іске қосылғаннан кейін 30 тұрақты жұмыс орны ашылады. Мәселен, Швейцарияның әйгілі балық фермасы бассейнде бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру және ас уылдырығын өндіру жобасын іске асырады. Жоба құны құны – 4,2 млрд теңге. Ал, Қарақия ауданында шаян тәрізділер мен балық өсіру жобасы іске асырылады, – деді облыс әкімі. 

Жалпы, 2025-2027 жылдары құны 12 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Оның ең ірісі – "Organic fish" серіктестігінің тор қоршамада бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру жобасы. Жобаның қуаты жылына 5 мың тонна болса, инвестициялық құны – 7,4 млрд теңге.

Осылайша, Маңғыстау облысында 30 жыл үзілістен соң кәсіби балық аулау жұмысын ілгерілету басталып кетті. Кеңес дәуірінде қатты дамып, кейін тоқтап қалған шаруашылықты жаңғырту үшін бірқатар инвестор тартылған. Ерекше айта кетерлік жайт, бүгінгі күні Каспийден балық аулайтын заманауи кемелер сатып алынған. Мұның қатарын келер жылы тағы 4 кеме толықтырады. Осы жұмыстар нәтижесінде 2025 жылы теңізден 20 мың тоннаға дейін балық аулау көзделген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу