Маңғыстауда 31 мың бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді

530

Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімі анықталды.

Маңғыстауда 31 мың бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді

Тәркіленген ішімдіктің жалпы саны 31 099 бөтелке болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы, 2-бөлігімен көрінеу жалған сәйкестендіру құралдарын және есепке алу-бақылау маркаларын өткізу мақсатында дайындау немесе сатып алу, сол сияқты пайдалану немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

"Мемлекеттік кірістер департаменті облыстық Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп алкоголь өнімінің заңсыз айналымын есепке алу-бақылау маркаларының және алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттардың болуы мен түпнұсқалығын, лицензияның болуын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Өкінішке орай, кейбір жосықсыз салық төлеушілер тексеруге мораториймен байланысты үзілісті пайдаланып, алкоголь өнімдерін лицензиясыз және заңнаманы бұза отырып өткізеді", - дейді мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу