Маңғыстауда 320 есірткі қылмысы жасалған

584

530 граффити-жазулар өшірілген.

Маңғыстауда 320 есірткі қылмысы жасалған Фото: Polisia.kz

Өткен жылы марихуана өсірілетін төрт есірткі зертханасын жойылды. 2023 жылдың басынан бері Маңғыстау облысында есірткі бизнесіне қатысты 320 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Сотқа 270 қылмыстық іс жіберілді. Оның 57- сі ауыр және аса ауыр қылмыстар. 255 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, тағы 43 адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. Сонымен қатар, есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша 325 профилактикалық іс-шара өткізілді",-дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында 530 граффити-жазулар өшірілген. Telegram-да 115 сайт пен интернет-дүкендер бұғатталды. Солар арқылы есірткі саудасымен айналысқандар белгілі болды.            

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу