Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғынынан марихуана тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Polisia.kz хабарлағандай, “Anti fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп, Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының 46 жастағы жастағы тұрғынын ұстады.
Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде целлофан пакетіне оралған 2 дана марихуана есірткі заты тәркіленді. Үй-жайды одан әрі тінту барысында күдіктіге тиесілі сөмкенің ішінен 10 дана марихуана табылды. Тәркіленген заттардың салмағы 416.44 граммды құрайды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.