Маңғыстауда 47 еңбек дауы тіркелген

1219

Маңғыстауда биылғы жыл басынан бері 47 еңбек дауы тіркелген, деп  деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Маңғыстауда 47 еңбек дауы тіркелген

Оның ішінде, 3 сағаттан астам жұмысы тоқтатылған 22 кәсіпорын бар. 25 мекеме жұмысы тоқтатылмай жұмыс берушіге талап арыз қалдырып, жұмыскерлердің қойған талаптары татуластыру комиссиясының шешімдерімен немесе жұмыс берушімен қаралған

"Биылғы еңбек даулары орын алып отырған кәсіпорындар жұмыскерлерінің негізгі талаптары жалақы мөлшерін арттыру. Жұмыс беруші еңбек ұжымы қойған талаптарды, олар келіп түскеннен кейін үш күннен кешіктірмей қарауға міндетті және бұл көрсетілген мерзімде келісімге қол жетпесе – өз шешімі мен ұсынысын жазбаша түрде еңбек ұжымының назарына жеткізеді және дауды ары қарай қарайтын өз жұмыскерінің құрамын көрсетеді. Екі немесе одан көп еңбек ұжымдарының бірлескен не ортақ талаптары жұмыс берушілердің тиісті органдарына жіберіледі, олар оны қарап, келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өз шешімін еңбек ұжымдарының бірлескен өкілетті органына хабарлауға міндетті", – дейді Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Әлігер Іңкәров.

Өңірдегі кәсіпорындарда әлеуметтік және еңбек дауларын болдырмау үшін еңбек нарығындағы құқық қатынасының барлық қатысушының мүдделерiн қанағаттандырып, шешiлмеген еңбек даулары мен наразылық акциялары мөлшерiн азайтатын, еңбек дауларын шешудiң дамыған тәсiлдерiнiң бiрi- әлеуметтiк серiктестiк. Әлеуметтiк серiктестiктiң үшжақты комиссиясы барлық деңгейде үш негiзгi топ – атқарушы билiк органдары, жұмыс берушiлер одақтары мен қауымдастықтары және жұмысшылар мүддесiн қорғайтын кәсiподақтар арасындағы мүдделердiң келiсуiне ықпал етуi тиiс.

Соңғы 9 ай ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 332 тексеру жүргізген. Оның ішінде 316-ы жоспардан тыс, 16-ы профилактикалық бақылау және қадағалау шаралары жүргізілді. Тексерулердің қорытындысы бойынша 689 заңбұзушылық анықталған. Заңбұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау үшін, мемлекеттік еңбек инспекторларымен 514 нұсқама беріліп, 5,7 млн теңгеге 37 әкімшілік айыппұл салынды. Тағы 8 ескерту жасалған. Бүгінгі күні жойылған заң бұзушылықтардың үлесі 97,3 пайызды құрайды. Басқармаға азаматтардан көбіне шағын және орта кәсіпкерлерге қатысты арыз-шағымдар түседі екен. Бұл орайда, еңбек инспекторлары шағын және орта кәсіпкерлікке мараторий жариялануына байланысты тексеру жүргізе алмайды. Сол себепті арызданушының мәселесіне облысымыздағы медиаторлардың араласуымен және жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастыру арқылы шешілуде. Сонымен бірге мемлекеттік еңбек инспекторларымен жыл басынан бері облысымыздың 57 кәсіпорнында ҚР Еңбек Кодексінің соңғы өзгерістері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Облысымыздағы кейбір кәсіпорындар еңбек инспекторының нұсқамасымен немесе акттерімен келіспей, жыл басынан бері 28 сот отырысы өтті.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу