ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті орта білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау жүргізіп, еліміздегі ең үздік 100 мектепті анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, Ақтаудағы Н.Марабаев атындағы №7 лицей, IT лицей, Жаңаөзендегі №5 мектеп-гимназия, Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейі мен Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе лицейі үздік деп танылды.
Бағалау кезінде білім беру сапасын сырттай бағалау нәтижелері, мектептерге арналған PISA және PISA халықаралық зерттеулеріне қатысу, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі деректері (ББЖМ), мемлекеттік аттестаттау қорытындылары, оқушылардың жетістіктері, педагогтердің біліктілігі, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, тәрбие жұмысының тиімділігі, қолайлы мектеп ахуалы, ғылыми, экологиялық және әлеуметтік жобаларға қатысу бойынша бақылау және бағалау іс-шараларының қорытындылары негізінде кешенді талдау жүргізілді. Сонымен қатар басқарудағы ашықтық қағидаттары да ескерілді.