Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының тұрғыны жүктіліктің 23 аптасында салмағы - 590 гр, бойы - 28 см нәрестені дүниеге әкелген. Яғни, сәби өте төмен дене салмағымен туды.
"Орталықтағы неанотологтар мен мамандардың кәсіби шеберлілігі, ерекше күтімі және анасының шексіз махаббаты нәтижесінде нәрестенің денсаулығы жақсарды. Осылайша, 102 тәулікте сәбидің салмағы - 2585 гр, бойы - 43 см болып үйіне шығарылды", - дейді дәрігерлер.
Өз кезегінде сәбидің анасы медицина қызметкерлеріне, әсіресе нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесінің, сондай-ақ сәбилерді жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімінің дәрігерлеріне ризашылығын білдірді.
Ұлдың дамуы қалыпты. Үйдің тұңғышы. Әжесі немересіне "Ержет" деген ерекше есім қойды. Ер жетіп, еліне қызмет ететін азамат болсын деген тілегі бар.