Маңғыстауда 6 қаржы пирамидасына қылмыстық іс қозғалды

472

Маңғыстауда 20 мыңға жуық тұрғын әлеуметтік желіде 36 заңсыз қаржы пирамидасына тіркелген. 

Маңғыстауда 6 қаржы пирамидасына қылмыстық іс қозғалды Фото: tengrinews.kz

Экономикалық тергеу департаменті өткен жылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша 6 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кейбір қаржы пирамидасы өзін халықаралық компанияның филиалы ретінде көрсетіп, әділет органдарында тіркеусіз жұмыс істеген.

Мысалы World Business Consulting қаржы пирамидасының жұмыс схемасы "50-ден 50-ге" бағдарламасы бойынша ақша салудан тұрған.

Алаяқтық жолмен салымшылар мен "Еуразия Капитал" микроқаржы ұйымы" ЖШС арасында жалған шарттар жасалған.

Онда қаржылық пирамида ұйымдастырушысы ай сайын берілген қарыз бойынша әрбір шарттан пайыздық үстемеақы алған.

Іс шеңберінде жалпы құны 651 млн теңге болатын мүлік бұғатталды.

"Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр. "Атамекен 2021" басшылығына қатысты іс бойынша Г.Шагироваға 28 адам шағым білдіріп, салымның жалпы сомасы 48 млн теңгені құрады. Іс барысында салымшыларға 44 млн теңге өтелді", - дейді Маңғыстау облысы экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі Берді Қуанышұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу