Маңғыстауда 6 жұмысшы жазатайым оқиғаның құрбаны болды

454

Әрбір қызметкер ықтимал тәуекелдердің алдын алуға дайын болуы үшін қауіпсіздік бойынша оқыту жүйелі түрде жүргізілуі керектігі айтылуда.  

Маңғыстауда 6 жұмысшы жазатайым оқиғаның құрбаны болды Фото: Серік Маймеров

Статистикаға сәйкес, 2023 жылдың алты айында Маңғыстау облысының кәсіпорындарында 19 қызметкер зардап шеккен, оның 13-і ауыр жарақат алып, алты адам қаза тапқан. Бұл жұмыс орындарындағы бақылау мен қырағылықтык әрдайым қажет деңгейде болу керек екенін көрсетеді.

Жыл басынан бері Жаңаөзенде болған үш жазатайым оқиғада бір адам қаза тапқан. Шілде айындағы оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізілуде. Бұл қайғылы оқиғалардың барлығы жұмыс орындарында техникалық қауіпсіздік шараларын сақтамауымен байланысты.

“Қауіпсіздік ережелерін сақтауда кездейсоқтыққа орын жоқ, себебі бұл өмір қауіпсіздігінің кепілі және кәсіпорынды дамыту жолындағы табыстың кілті. Мекемедегі әрбір қауіпсіздік жөніндегі маман әрқашан ықтимал қауіптердің алдын-алу және оларды ескертуі маңызды. Қызметкерлердің кәсібилігі жоғары, тәжірибесі мол екені анық, алайда кәсіпорындарда адам шығынын болдырмау үшін қауіпсіздік басты  назарда болуы тиіс”, - деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кәсіпорын басшыларына.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу