"Бүгінде ең өзекті мәселе – аймақтағы білім беру нысанының санын көбейту. Қазір 5 мектептің құрылысы басталды. Оның 3-уі Ақтау қаласының жаңа шағын ауданында орналасса, 2-уі Мұнайлы ауданында салынып жатыр. Тағы 2 мектептің құрылысын салуға конкурс жарияланды. Оның бірі – Маңғыстау ауданы Бекі ауылындағы 100 орындық орта мектеп болса, тағы бірі – Ақтау қаласының 34 шағынауданында орналасқан 900 орындық мектепке жапсаржай құрылысын салу жобасы", – деді Айнұр Манкешова.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін 3 мектеп пайдалануға беріледі. Биыл қолданысқа берілетін білім беру нысандарына тоқталсақ. Ақтау қаласының 32А шағын ауданындағы №29 орта мектептің 300 орынға арналған жапсаржай құрылысы, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы Күйкен орта мектебі жанындағы оқу корпусы және Ақтау қаласы Өмірзақ ауылындағы №27 мектептің жапсаржайын қайта құру жобасы бар. Бұл жұмыстар жақын арада аяқталады.
Алмас Қылыш