Маңғыстауда 7 млрд теңгеге жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

456

Маңғыстау облысында мемлекетке құны 7 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың га 94 жер учаскесі, оның ішінде "Алтын учаскелер" деп аталатын жерлер қайтарылды. 

Маңғыстауда 7 млрд теңгеге жер учаскелері мемлекетке қайтарылды Фото: inbusiness.kz

Мысалы, жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 млрд теңге құрайтын 255,5 гектар 6 жер телімі де қайтарылды.

Сондай-ақ, прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған.

Атап айтқанда, құны 1 млрд теңге "OilRealEstate" ЖШС тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілген.

Жекелеген аудандарда шамамен 60 жуық ауылшаруашылық жерлер мал саныны жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сәйкес келмеуі себебінен толық көлемде пайдаланылмаған.

“Жауапты тұлғалармен учаскелерді уақтылы түгендемеуі өңірдегі жер ресурстарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалануына әкеліп соқтырды.

Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда”, – дейді облыс прокурорлары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу