Маңғыстауда әйелдердің 50%-дан астамы шағын бизнесте жұмыс істейді
07 Наурыз 2021 19:18 784

Маңғыс облысында әйелдердің басым бөлігі (53,1%) шағын бизнесте еңбек етіп жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында өңірде 879 жоба іске қосылған. Оның 463-і әйелдердің үлесінде. Нәтижесінде кәсіпкер әйелдер 230-дан аса жаңа жұмыс орнын ашқан.
«Нұр капитал» өңірлік бағдарламасы аясында әйелдер 1,35 миллиард теңгеге 69 жобаны жүзеге асырған.
«2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 395 шағын несие беріліп, 401 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде кәсіпкер әйелдерге 198 шағын несие берілді. Осылайша, өңірдегі шағын несиенің 53,1%-ын әйел кәсіпкерлер алды», - деп жазылды хабарламада.