Маңғыстауда "Ақ боз үй" фильмі түсіріледі

3473

Ашаршылық жайлы тағы бір туынды экранға шықпақ 

Маңғыстауда "Ақ боз үй" фильмі түсіріледі

Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы Сенек ауылында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубайдың "Ақ боз үй" романы бойынша фильм түсірілмек, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Өткен ғасырдың 30 жылдарындағы қазақ даласындағы ұжымдастырудың артынан ілесе келген ашаршылық жылдарын суреттейтін әдеби шығарма қазақ әдебиетіндегі осы тақырыптағы алғашқы еңбектердің қатарынан саналады. Кино тіліне түсірілген туынды ел басына түскен нәубетті бір әулеттің тарихы ретінде баяндамақ. Белгілі болғандай, басты кейіпкер Пахреддин бидің рөлін С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының әртісі Қайрат Кемалов сомдайды. Фильм режиссері – "Үздік шетелдік драма" номинациясын алған "Аңшы бала және "ОАЗИС", "Бала ғашық" көркем фильмдерін түсірген Бегарыс Елубаев.

Смағұл Елубай түсірілім тобымен бірге Сенек ауылына келіп, фильм түсіретін орынды қарап танысты. Қазақ елінің ашаршылықтан қырылған ауыр кезеңі сомдалатын тарихи фильмнің түсірілімі алдағы апта басталып, 2022 жылдың наурыз айында көрерменге жол тартпақ", - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу