Маңғыстауда ақбөкендерді қырып тастағандар бір миллиард теңге шығын келтірді

680

Маңғыстау облысында "Қызыл кітапқа" енген ақбөкендерді қырып тастаған қылмыстық топ ұсталды.

Маңғыстауда ақбөкендерді қырып тастағандар бір миллиард теңге шығын келтірді Фото: inbusiness.kz

ҚР ҰҚК қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп ақбөкеннің мүйіздерін заңсыз өндіру және өткізуді ұйымдастырған топты құрықтауға арнайы операция жүргізді.

Заңсыз әрекетті іске асыру кезінде бұрын бірнеше рет сотталған екі күдікті қолға түсті. Олардың мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам шығын келтіргені және Қазақстандағы ақбөкендер популяциясына айтарлықтай зиян әкелгені туралы дәлелдер жинақталды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмысқа қатысы бар өзге де қатысушыларды анықтау бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу