Маңғыстауда әкімдік қызметкері алаяқтығы мен пара беруге итермелегені үшін сотталды

492

Сотталушы тағылған айыпты ішінара мойындады.  

Маңғыстауда әкімдік қызметкері алаяқтығы мен пара беруге итермелегені үшін сотталды Фото: Тұрар Қазанғапов

Мұнайлы аудандық соты 2022 жылғы 11 қарашада Т. есімді азаматқа қатысты алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тергеу барысында Т. есімді азамат облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы қызметін атқара отырып, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қасақана әрекет етіп, жәбірленушіні алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы полигонда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және өңдеуге қатысты кедергілерді жою үшін 1 миллион теңге сомасында пара беруге итермелеген. Нәтижесінде Т. алаяқтық жолмен жәбірленушінің берген ақшасын жымқырмақ болған", - делінген ақпаратта.

Прокурор соттан сотталушы Т.-ны белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, түпкілікті 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрады.

Сот үкімімен Т. кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу