Маңғыстаудағы 4А ықшамаудандағы теңіз жағалауынан бірнеше құстың өлексесі табылған. Әлеуметтік желіде ақтаулықтар қала жағалауында өлген немесе әлсіреген аққулар туралы жиі хабарлап отырады, деп жазады inbusiness.kz сайты aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Осыған байланысты Маңғыстау облысының Экология департаментінің мамандары 3 сәуірде теңіз суынан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижелері қосымша жарияланады.
Бұған дейін де жағалауда демалушылар құстардың өлу оқиғасын тіркеген болатын. Осыдан кейін Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті 20 наурыздағы теңіз суын зерттеу хаттамасына сәйкес ластаушы заттар табылмағанын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу