Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуы тоқтады

350

Соңғы 3-4 күндікте қорық аумағындағы жағдай тынышталды.

Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуы тоқтады Фото: Үстірт қорығынан

Маңғыстаудағы Қаракөл аумағында аққулардың жаппай қырылуы толастағанын облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Бір айдан астам уақыт бойы қырылған аққулардың саны 1132-ге жетіп, тоқтады. Соңғы 3-4 күндікте қорық аумағындағы жағдай тынышталды. Ауа райының күрт суытуына байланысты көлде мұз қатып, аққулардың дені басқа жаққа ұшып кетті деген болжам бар. Көлде әзірге қырылған құстар байқалмайды. Осыған дейін өлген құстарды жинап алу жұмыстары жүргізілді. Әр жерде бірен-сараң өлекселер кездесуі мүмкін. Бірақ судың қатуынан оларды жинау мүмкін емес", - деді басқарма басшысы.    

Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы Қаракөл қорығында аққулардың жаппай қырылуы қоғамды дүрліктірген болатын. Кейін өңір әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, жағдайды бақылауға алды. Осы жағдайға қатысты сала мамандары зерттеу жүргізіп, құстардың өлу себебін құс тұмауынан болды деп атаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу