Маңғыстауда "ақылды киіз үй" таныстырылды

120

Наурыз мерекесінде маңғыстаулық студенттер дәстүрлі баспананы заманауи технологиямен ұштастырған ерекше жобасын көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда "ақылды киіз үй" таныстырылды Фото: gov.kz

Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі аясында Маңғыстауда тың жоба көпшілік назарына ұсынылды. Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері "SMART KIIZ ÜI" инновациялық әзірлемесін таныстырды.

Жоба дәстүрлі киіз үйді цифрлық технологиялармен біріктіріп, "ақылды" тұрғын үй концепциясын ұсынады.

Атап айтқанда, киіз үй баламалы энергия көздерімен, соның ішінде күн панельдерімен жабдықталған. Арнайы мобильді қосымша арқылы жарық жүйесін және есік-терезелерді қашықтан басқаруға болады.

Сонымен қатар, ішкі климат автоматты түрде реттеліп, температура мен ылғалдылық тұрақты бақылауда ұсталады. Қауіпсіздік мақсатында өрт пен газды анықтайтын сенсорлар орнатылған.

Әзірлеме туризм саласына да бағытталған. Жобаны глэмпинг форматында пайдалану ұлттық құндылықтарды заманауи өмір салтымен үйлестіруге мүмкіндік береді.

Бұл бастама студенттердің IT, энергетика және дизайн бағыттарындағы білімін тәжірибеде тиімді қолдана алатынын көрсетеді. Мұндай жобалар өңірдің инновациялық және цифралық дамуына серпін береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу