Маңғыстауда әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 500 млн теңге бөлінді

1325

Маңғыстау облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 2023 жылы 500 млн теңге бөлінген.  

Маңғыстауда әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 500 млн теңге бөлінді Фото: inbusiness.kz

Ал 2019-2022 жылдар аралығында 4,9 млрд. теңге қаражат игерілді. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Пікір Сансызбаевтың айтуынша, бөлінген қаржы бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандырудың екі жолы бар.

Біріншісі, "Айналым механизмі" тетігі. Ол бойынша кәсіпкер төмен пайызбен несие алып, белгіленген бағада тауарды сата алады.

Екінші жолы, өңірлік тұрақтандыру қорын азық-түлік тауарларымен толықтыру. Бұл өз кезегінде, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақты бағада сақталуына септігін тигізеді. Қазіргі таңда "Айналым механизмі" бағдарламасы бойынша белгіленген бағамен сатуға 10 кәсіпкерлік субъектісіне 8 түрлі азық-түліктің 3816,2 тоннасын өндіруге немесе жеткізуге 683,5 млн. теңгеге төмен пайызбен қарыз берілген. Алдағы уақытта, осы жоба аясында келісім-шарттарды ұлғайту көзделген. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға түсіру туралы 48 сауда объектісі бар 5 ірі сауда желісімен және 235 сауда объектісімен екіжақты келісімге қол қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу