Маңғыстауда алғаш рет 15 жасар балаға "Краниопластика" операциясы жасалды

454

Жаңаөзен қаласындағы көпбейінді ауруханада миына зақым келген 15 жасар балаға "Краниопластика" нейрохирургиялық бірегей отасы жасалды. 

Маңғыстауда алғаш рет 15 жасар балаға "Краниопластика" операциясы жасалды Фото: google

Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына шұғыл түрде миына зақым алған науқас түседі. Аттан құлаған емделушіде самай сүйегінің сынуы анықталған. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің нәтижесінде екі отадан сәтті өткен науқастың беті бері қарады. 

"Науқас жылқыдан құлап, жарақат алып, жедел түрде Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына келіп түсті.  Тексеру кезінде, бас миының эпидуралды гематомасы, самай сүйегінің сынуы анықталып, дереу ота жасалынды. Алғашқы ота сәтті өтіп, кейін амбулаторлық емге жіберілді. Науқасқа екінші жоспарлы ота жасалды. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, амбулаторлық емін қабылдап жатыр", - дейді нейрохирург- дәрігер Мейрамбек Дабысбай.

Күрделі ота өңірде алғаш рет жасалды. Бұрын мұндай операция еліміздің ірі медициналық орталықтарында жасалып келді.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу