Маңғыстауда алғаш рет индустриялық сертификат берілді

925

Индустриялық сертификат мемлекеттік сатып алуға қатысуға, отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді шетелде көрсету бойынша шығындарды өтеуге рұқсат береді.  

 Маңғыстауда алғаш рет индустриялық сертификат берілді

Сертификат 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан "Zhamal-ai LTD" ЖШС-ге берілді, деп хабарлайды atameken.kz.

Индустриялық сертификат мемлекеттік сатып алуға қатысуға, отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді шетелде көрсету бойынша шығындарды өтеуге рұқсат береді. Серіктестік жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз жасаушылар арасынан алғашқы болып осы құжатқа қол жеткізді.  

"Бұған дейін өндіріс ошағы СТ KZ сертификатымен өнім шығарып келді. Жаңа сертификатты алу үшін тиісті дәлелді құжаттар жинақтадым. Өндіріс ғимаратын, қарқынды жұмыс істеп тұрған өндірісті, отандық өнім шығарып жатқанынын, техникаларын арнайы комиссия тексерді. Сонан соң алғашқы болып біздің кәсіпорынға беруге шешім қабылдады", – дейді сертификаттау жөніндегі инженер Болат Дүйсекешев.

Жеңіл өнеркәсіп саласында кәсіпорын бірнеше рет республикалық, облыстық және қалалық көрмелердің жеңімпазы және жүлдегері болды. Мұнда 160 адам еңбек етеді. Кәсіпорын цехтары заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

"Индустиялық сертификаттың талаптарына сай құжаттар тізімі берілді. Еліміздегі 28 сарапшы маманды ұсынып, біреуі таңдалды. Оған кәсіпорынның құжаттарын жіберіп, тексерістен өтті. Сарапшының оң қорытындысы келген соң, мамандар тобы арнайы барып тексеріп, лайықты деп тапты. "Zhamal-ai LTD" ЖШС 268 тауар түріне арналған индустриялық сертификатқа ие болды", – дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының сертификаттау жөніндегі 1-санатты маманы Асхат Ысқақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу