Маңғыстауда алғаш рет қолқаға имплантация жасалды

533

Күрделі ота 79 жастағы науқасқа жасалды. 

Маңғыстауда алғаш рет қолқаға имплантация жасалды

Алғаш рет жоғары технологиялық транскатетерлі қолқа қақпағын имплантациялау операциясын Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының кардиохирург-дәрігерлері Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың дәрігерлерімен бірлесе орындады. Бұл операция бұрын-соңды Батыс аймағында жасалмаған. Бір жарым сағатқа созылған ота сәтті өтті. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының кардиохирург-дәрігері Асылбек Анетовтың айтуынша, науқас он күн бұрын облыстық ауруханаға дем жетіспеушілік шағымымен келіп түскен. Науқастың қолқа қақпақшасы тарылғаны анықталды. Мұндайда қолқа қақпағын имплантациялап, клапан орнатқан тиімді екен.

 "Науқастың қолқа қақпақшасы қарайып кеткен. Жасы үлкен әрі басқа да ауралары болғандықтан қан-тамырлары арқылы аз инвазивті ота жасадық. Жалпы елде жыл сайын 400-500 Tavi операциясы жасалады. Алдағы уақытта Маңғыстауда мұндай отаны жергілікті дәрігерлер жасай береді деп ойлаймын. Себебі: Маңғыстау облыстық ауруханасы кардиолог-дәрігерлерінің біліктілігі, мүмкіндігі мен медицина сапасы жоғары, қажетті құрылғылармен толық жабдықталған", - дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың катетерлеу зертханасының меңгерушісі Абдурашид Мусаев.

Қазір науқастың жағдайы тұрақты. 3 күннен соң үйіне шығарылмақ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу