Маңғыстауда алғаш рет садақ атудан республикалық жарыс өтті

630

Оған еліміздің әр өңірінен 200-ден астам садақшы қатысты.

Маңғыстауда алғаш рет садақ атудан республикалық жарыс өтті

Жаңаөзен қаласында Әмин Тұяқов атындағы стадионда дәстүрлі садақ атудан түрлі жас шамасы арасында алғаш рет I республикалық чемпионат өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Соңғы кездері ұлттық құндылықтарға ерекше назар аударылып жатыр. Ата-бабадан қалған қарумен өңірде 400-ге жуық адам айналысады. Оның ішінде 15 спортшы республикалық және халықаралық жарыстарда облыс намысын лайықты дәрежеде қорғап жүр. 

"Қазір садақ атуға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Бұл спорт түрімен 7 жасар бала да, 70-гі қария да айналыса алады. Бүгінгі жарысқа еліміздің көптеген облыстарынан кіл мықтылар келді. Біз бұл спортты әлемдік деңгейге шығаруға дайынбыз.Ол үшін жан-жақты қолдау білдіреміз. Жақында Түркияда өткен көшпенділер ойынында еліміздің садақшылары екінші орын алды. Бес елдің ішінде Қазақстан екінші орын алып, 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен оралды", – деді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте: 1-орынды Шымкент қаласының мергендері алса, 2-орынды Абай облысының спортшылары иеленді. Ал, 3-орын жетісулық мергендерге бұйырды.

Сондай-ақ, әр нысана бойынша жас шамасына қарай үздіктер анықталып, оларға да ақшалай сыйақы табысталды. Ашық аспан астында өткен спорттық шараны 2 мың 500-ге жуық көрермен тамашалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу