Маңғыстауда алғыс айту 30 күнге жалғасады

1308

Маңғыстауда алғыс айту 30 күнге жалғасады

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов "Асар" қайырымдылық шарасының жалғасы ретінде "Жомарт Жүрек" акциясын жариялады. Қайырымдылық шарасы наурыздың 1-31 аралығында  облыс бойынша өтеді, деп хабарлайды   Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов алдымен облыстық мүгедектер мен қарттар үйі мен ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтай отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтты. Шара барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов "АСАР" қайырымдылық шарасының басталғанын салтанатты түрде жариялап, облыстық мүгедектер мен қарттар үйіне арнайы сыйлығын тарту етті.

"Елдің алғысына бөленіп, жүрекке жылу сыйлау үшін "Жомарт жүрек" қайырымдылық акциясын бастауды ұсынамын. Өздеріңіз жақсы білетіндей, биыл жыл басында облыс бойынша "Асар" қайырымдылық шарасын бастаған болатынбыз. Нәтижесінде, 30 миллионнан аса қаржы жиналып, үш жарым мың отбасыға (3500) көмек көрсетілді. Бұл бастама тек бұнымен тоқтап қалмайтынын айтқан болатынмын. Ендеше,  бүгін міне, игі іс дәл осы шарада, дәл осы уақытта салтанатты түрде жалғасын таппақ", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

30 күнге жалғасатын "Жомарт жүрек" қайырымдылық акциясының мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтары: аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балалары бар жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету, олардың тұрмыстық-әлеуметтік қажеттілігін өтеу. Сонымен қатар, 1 ай бойы "Жомарт-Жүрек" экспозициясымен арнайы автокөлік облыстың екі қаласы мен барлық ауданын аралайды. Көмекке мұқтаж жандар өздерінің сұранысын жазып, жәшікке сала алады. Барлық ниет білдіруші мұқтаж жандарға көмек көрсете алады. Сонымен қатар Наурыз айында бүкіл өңірде "Жомарт-Жүрек" қайырымдылық марафоны аясында 20-дан астам іс-шара өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу