Маңғыстауда алимент төлемеген борышкер қамауға алынды

573

Маңғыстау облысында жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарғаны үшін 16 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Маңғыстауда алимент төлемеген борышкер қамауға алынды Фото: google

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады. 

Жыл басынан бері  прокурорлық қадағалау шараларымен 114 баланың құқығы қорғалды, 10,3 млн теңге сомасына алимент өндірілді, ал 11 борышкер жұмысқа орналастырылды.

"Алимент төлеуден жалтарушыларға әсер ететін шара борышкерге Қазақстаннан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеу, лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беру саласында уақытша шектеу қою болып табылады, сондай- ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген", - деп түсіндірді облыстық прокуратура өкілдері.

Өңірдің қадағалау органы биыл 16 адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Олардың төртеуіне бір жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, аталған кезеңде 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде төрт адамға қатысты әкімшілік қамауға алу шарасы тағайындалды.

Істердің бірі бойынша сот бір жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды, бірақ кейін жаза жеті айға бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, - делінеді прокуратураның хабарламасында.                                                                                                                                                                                                                                       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу