Маңғыстауда алимент төлемеген борышкерлер 11 мыңға жетіп қалды

502

Маңғыстау облысында 10 751 әке алимент төлемей жүр. Олардың қарызы 30 млн теңгеге жетті.

Маңғыстауда алимент төлемеген борышкерлер 11 мыңға жетіп қалды Фото: egov.kz

Қазір 38 әкеге алимент қарызы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал өткен жылы алимент төлемей жүргендерден сот арқылы 50 млн теңге өндірілгені белгілі болды.

"Әкiмшiлiк жауапкершілік тұрғысынан алғанда борышкерлер алимент төлеу керек. Төлемеген жағдайда сот бірнеше тәулікке қамайды немесе әкімшілік айыппұл салуға құқы бар. Оларға 10, 20, 30 АЕК қаржы қазір де салынып, айтарлықтай жаза болып есептеледі. Борышкерлер табысын көрсетіп, баласының алдындағы қарызын төлеу керек. Төлемеу арқылы әкелер өздеріне қиындық тудырып отыр. Соңғы кезде өткен бірнеше сот процесі осыны дәлелдеді", - дейді жеке сот орындаушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу