Маңғыстауда алимент төлеушілер саны артты

851

Биыл алимент төлеушілер саны былтырмен салыстырғанда 9%-ға артқан. 

Маңғыстауда алимент төлеушілер саны артты

Маңғыстау облыстық Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының мәліметінше, 2020 жылы алимент төлеушілердің саны 8 537 болса, ал 2021 жылы 9 390-ға жеткен деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осы орайда көп мәселе балаларды асырауға қатысты алимент өндіру мен оның мөлшеріне байланысты. Бір балаға ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысының ¼ бөлігі. Екі балаға ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысының 1/3 бөлігі. Үш және одан да көп балаға ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысының ½ бөлігі төленуі тиіс. Кейбір жағдайларда мөлшер тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа балалар және өзге де назар аударатын жағдайларды ескерумен азаюы немесе ұлғаюы мүмкін.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңының 95-бабымен алимент төлеушінің жалақысынан ұсталынып қалады. Ал борышкерде жалақысының немесе өзге табысының 50%-ы сақталуы тиіс. Мемлекеттік сот орындаушы және жеке сот орындаушының алимент өндіру бойынша жұмыстарының қалай атқаралатындығы жөніндегі барлық мәлімет Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есептің нысанында қалыптастыралады. Сот актілерін орындау бойынша жұмысы туралы" № 4 есептің нысаны арқылы Басқарма тарапынан әрбір аймаққа тиесілі атқарушылық құжаттардың қозғалысы бұл материалды орындаудан бастап, істі аяқталғанға дейінгі әрбір сатысын заңға сәйкес реттейді.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу