Маңғыстауда алименттен жалтарған 18 адам сотталды

573

Маңғыстауда жыл басынан бері сотталған 18 адамның алимент төлемеу үшін жұмыс орындарын әдейі жасырып, балаларына қамқорлық көрсетуді аналарының мойнына жүктегендері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстауда алименттен жалтарған 18 адам сотталды

Мәселен, үш жыл бойы өз балаларын асырауға саналы түрде төлем жасамаған әрі берешегі 2 млн теңгеден асқан борышкерге 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы, яғни балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша кінәлі деп танылды.  

Сонымен қатар 62 борышкерге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 34 адам қамауға алынып, 28-не жалпы сомасы 403 мың теңге айыппұл салынды. Алимент бойынша барлығы 52 млн теңге көлемінде қарыз өтелді. 

Облыс прокурорларының айтуынша, қиын жағдайға тап болған адамдарға мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады. Биыл 95 борышкер жұмысқа орналастырылған. 

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу