Шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты, - деп хабарлайды inbusiness.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сүйене отырып.
Бірлік пен ізгіліктің, тұрақтылық пен татулықтың белгісіне айналған Бірлік отын жағу рәсімінде өңір басшысы аталмыш мейрамның мән-мағынасына тоқталып, жиналғандарды Амал мерекесімен құттықтады.
"Былтыр әлемді шарпыған қауіпті індеттің өршуінен дәстүрге айналған "Бірлік отын" жағуға мүмкіндік болмады. Халықтың амандығы мен саулығы басты назарға алынды. Елді бірлікке шақыратын, ортақ мүддеге ұйыстыратын жақсы дәстүр үзіліп қалмас үшін биыл барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, шектеулі адаммен "Бірлік Отын" тұтатқалы отырмыз. Бұл - Халқымыздың бостандыққа, Еліміздің Егемендіке жету жолында жанын қиған бабалар рухына тағзым. Тәуелсіз Қазақстанның бірлігінің символы! Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, елдік пен бірліктің, ырыс пен берекенің арқауы болған Амал қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс әкелсін!",-деді С.Трұмов.