Маңғыстауда "Аңсаған сәби" бағдарламасымен 200-ден астам квота бөлінді

329

Мамандар бағдарлама арқылы квота алу үшін, қайда бару екенін түсіндірді.

Маңғыстауда "Аңсаған сәби" бағдарламасымен 200-ден астам квота бөлінді Фото: canva.com

Биыл Маңғыстау облысы бойынша 273 отбасына "Аңсаған сәби" бағдарламасының игілігін көру мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселен, 2022-2023 жылдары облыс бойынша "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 535 әйелге ЭКО жасалды. Олардың 300-ден астамы жүкті болды. 

“Айта кетсек, эко орталықтарына қаржы төлеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Президент жолдауы сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық”⁠,- деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс Отбасын жоспарлау жэне репродуктивті денсаулық жөніндегі үйлестіруші Юлия Досаханова.

Мамандар бағдарлама арқылы квота алу үшін, қайда бару екенін түсіндірді.

“Квота алу үшін не істеу керек?” деген сұраққа тоқталсақ. Алдымен тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханадағы учаскелік терапевтке бару қажет. Содан соң дәрігер қай маманға бару керегін түсіндіреді. Себебі, кезекке қою үшін арнайы репродуктология орталығына барып, арнайы анализдерді тапсырады. Кейін емханананың гинеколог-дәрігері ЭКО жасатуға денсаулығы жарайды деген қорытынды береді. Сол қорытындыны алып, облыс бойынша жауапты маманға әкеліп тапсырады. Тізім бекітіліп жинақталғаннан соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан құрылған комиссия құжаттарды қарап, тексеретін болады. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда, отбасылық жұп кезекке тұрады”, - деді Юлия Досаханова.

Мамандардың айтуынша, сәби сүйгісі келетін жұп МӘМС аясында жылына 1 рет тегін экоға ие болады. Талпынысы сәтсіз аяқталған жағдайда келесі жылға кезекке тұра алады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу