Маңғыстауда әр мектепке прокурор мен полицей бекітілді

576

Маңғыстаудағы әр мектепте өзіне бекітілген прокуратура қызметкері мен полиция инспекторы болады. 

Маңғыстауда әр мектепке прокурор мен полицей бекітілді

Маңғыстау облысының құқық қорғау және мемлекеттік органдары арасында білім саласындағы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда тиісті шаралар ұйымдастыру, білім мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шара қабылдау.

"Үшжақты меморандумға қол қойылып, балалардың құқығын қорғау, олардың арасындағы қылмысты болдырмау бағытында жұмыстар жүргізіледі және барлық мектептерге Прокуратура өкілдері бекітілді. Сонымен қатар мектептерде президенттер сайланды. Олар педагог ұжыммен және басқа да құзырлы органдармен бірлесе отырып, бала құқығын қорғау жөнінде жұмыс атқарады", – дейді Маңғыстау обылстық білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Құралай Ғазимова.

Меморандум аясында Маңғыстау облыстық прокуратурасы, білім саласы, полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен облыс орталығындағы мектептердің жоғары сынып оқушыларымен "Тәртібің мен құқығың – тұлғалық қасиеттің айнасы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Шара барысында балаларға құқық бұзушылық, оның алдын алу, қылмыс үшін қолданылатын жаза түрлері туралы түсінік беріліп, сұрақ-жауап алмасты.

Оқушылар да құқықтану мәселесіне ынтасы жоғары екенін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу