Маңғыстауда арқар мен қарақұйрықтың саны 18 пайызға артты

430

Бұл жануарларды атқандарға жаза ауыр.

Маңғыстауда арқар мен қарақұйрықтың саны 18 пайызға артты Фото: «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінен

Маңғыстауда "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қорғауындағы арқар мен қарақұйрықтардың саны 18%-ға көбейіп отыр. "Охотазоопром" мен Алматы зоология зерттеу институтының мамандары санақ жүргізіп, осындай шешімге келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қазір Маңғыстауда арқар саны 1056-ға жетсе, қарақұйрық 250-ден асқан. Аңдар мен құстар үшін даладағы 52 бұлақтың көзі ашылған.

"Аталған мемлекеттік - өңірлік табиғи паркінің негізгі міндеті — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және өсімін молайту. Мекеме құрамына "Тасорпа",  "Манашы", "Жабайұшқан", "Адамтас" мемлекеттік табиғи қаумалдары мен Қызылсай паркі кіреді. Жүзге жуық адам еңбек ететін мекемеге 2023 жылы 6 жаңа автокөлік берілді. Құрамында ғылыми, техникалық, қаржылық, өрт қауіпсіздігі бөлімдері бар нысанның жаңа техникамен толығуы табиғат, өсімдік, аң, құстарды қорғау, толықтыру, көбейту жұмыстарына күнделікті қажет",- дейді "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшысы Мыңберген Қаратауов.   

Ерекше қорғауға алынып, "Қызыл кітапқа" енген арқар мен қарақұйрықтың басы көбеюі мен бұлақтардың көзін ашуда мемлекеттік инспекторлардың тынымсыз еңбегі зор екен. Жойылу қаупі бар жануарлар дүниесін бақылап отыруға 16 мың фототұзақ қойылған.

Бұл жануарларды атқандарға жаза ауыр. Бір арқардың құны 17 млн теңгеге пара пар. Одан бөлек айыппұл да қарастырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу