Маңғыстауда арнайы операция барысында "Бейнеу" қылмыстық тобы құрықталды

678

Алматыда, Ақтауда, Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақжігіт ауылдарында "Бейнеу" деп аталатын қоғамдық-қауіпті қылмыстық тобының жолы кесілді.   

Маңғыстауда арнайы операция барысында "Бейнеу" қылмыстық тобы құрықталды

ҰКК-нің мәліметіне сүйенсек, топ мүшелері қазақ-өзбек шекарасындағы "Тәжен" кеден бекетінде  шетелдік азаматтардан және жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалап отырған. Тағы басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінді.

Арнайы операция барысында 11 қазанда ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы мен 5 белсенді қатысушысы ұсталды. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұйымдасқан қылмыстың қауіп-қатерін бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасуда.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу