Маңғыстауда ас атасы қымбат

574

Маңғыстау облысында жоғары сұрыпты бидай ұнынан піскен нан бағасы шарықтап тұр.  

Маңғыстауда ас атасы қымбат Фото: kazgazeta.kz

Сарапшылардың пікірінше, биыл қаңтар айының қорытындысымен нан бағасы бір жылда 19,2% өсті. Ал қара бидай наны 26,5% көтеріліп, бір келісі 435 теңгеге дейін қымбаттады.

Жоғары сұрыпты ұннан бидай наны 27,8%, 348 теңгеге дейін, бірінші сұрыпты ұннан піскен нан 13,9% өсіп, келісі 196 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ас атасының бағасы бойынша Қостанай, Маңғыстау, Ұлытау облыстары алдыңғы қатарда тұр.  Ең арзан нан - Атырау облысында.

"Қостанай облысында қара бидай наны, Маңғыстау облысында жоғары сұрыпты ұннан, Ұлытау облысында бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны бағасының ең жоғары өсуі байқалды", - дейді сарапшылар.

Осы жылдың қаңтар айында елімізде 42,5 мың тонна нан өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3% - ға артық.

Өндірістің ең үлкен көлемі - Түркістан облысында, жылына 10,2 мың тонна. Екінші және үшінші орында 4,5 мың тоннамен Алматы және  4,4 мың тоннамен Ақтөбе облысы тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу