Маңғыстауда асфальт-бетон кәсіпорындары тексерілді

292

Аймақта асфальт-бетон қоспасынан құрылыс материалдарын 7 дайындайды. 

Маңғыстауда асфальт-бетон кәсіпорындары тексерілді Фото: Т. Әділ

Аталған зауыттардың күнделікті атқаратын қызметін және шығаратын өнімдерінің талапқа сәйкестігін ұлттық сапа орталығы бақылайды.

Тексеру нәтижелерінің қорытындысында жеті зауыттың төртеуінің ғана жұмысы техникалық талаптарға сай. Ал бір зауыт тексеру парағында көрсетілген   талаптарға мүлдем сәйкес келмейтіні және өндіріс орнының толық жөндеуді қажет ететіндігі анықталды. Қалған екі кәсіпорынға өз қызметін тиісті талаптарға сәйкестендіруі үшін уақыт берілді.

"ҚР Көлік министрлігі автомобиль жолдары Комитетінің тапсырмасына сәйкес, "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" қызметкерлерімен бірлесе өңірде орналасқан асфальт- бетон зауыттарын тексеру мақсатында арнайы комиссия құрып, тексеріс шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Қазіргі таңда бұл кәсіпорындардың жұмысын үнемі бақылап отырмыз",- дейді ҚР КМ "ЖАҰСО" республикалық-мемлекеттік мекемесінің зертхана меңгерушісі Гаухар Чухрукидзе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу