Маңғыстауда ауыл әкімін сайлауда шу шықты

527

Ауыл тұрғындары 4 маусым күні өткізілген сайлау бюллетендегі дауыстарымыз дұрыс есептелмеді деп наразы.

Маңғыстауда ауыл әкімін сайлауда шу шықты Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысында ауыл әкімін сайлауда шу шықты. Жергілікті жұрт "Басқұдық" ауылы әкімін таңдауда заңбұзушылықтар болғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ауылдықтар 4 маусым күні өткізілген сайлау бюллетендегі дауыстарымыз дұрыс есептелмеді деп наразы. Оны саяси науқанда тәуелсіз бақылаушы болған азаматтар да растап отыр. Қазір олар тиісті арыз-шағымдарын орталық сайлау комиссиясына жолдады. Алайда, сайлау комиссиясының өкілдері тұрғындардың талабымен келіспейтіндерін айтады. Өйткені, 8 сайлау учаскесінде 16 492 дауыс беруші тіркелген. Ал, небәрі 1039 тұрғын өз таңдауын жасаған. Айта кетейік, Президенттің "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты жолдауда әкімдер енді тікелей халық сайлауымен анықталады. 

"Менің қасымдағы 245-учаскеде 93 адам келген. Енді жалпы санақта 230 адам дейді. 135 адам қалай қосылған? Бізде барлық фиксация бар. Сіздер қарасаңыздар болады. Біз адамдарға дауыс бергеннен кейін фото-видео тастаңыздар деп айттық. Бізде барлық дәлеліміз бар. Сондықтан, көңіліміз толмай отыр", - деді тәуелсіз байқаушы Гүлмира Ізтілеуова.

"Біздер мұның заңдылығын тексереміз. Сайлау учаскелеріндегі хаттамаларымыз бар. Егер соған сай, нақты дәлелдерді әкеліп тіркейтін болса, біз онда қайта қарауға өтініш береміз", - деді Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бейімбет Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу