Маңғыстауда ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін дамытуға 3,7 млрд теңге бөлінді

743

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Маңғыстау облысы бойынша кәсіптің ауыл шаруашылығынан тыс түрлерін дамытуға 3,7 млрд теңгеге дейін несие қаражатын бөлді.

Маңғыстауда ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін дамытуға 3,7 млрд теңге бөлінді Фото: azattyq-ruhy.kz

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марлен Набиевтің айтуынша,"Агробизнес" бағдарламасына 1 млрд 540 мың,"Аграрлық несие" бағдарламасына 796 940 теңге,"Іскер" жобасына 850 000 теңге, сондай-ақ "Жастарды шағын несиелеу" бағдарламасына 815 млн теңге бөлінген. Бүгінде бұл қаражаттың 1,8 млрд теңгесі игерілген. 

“Маңғыстаулықтар үшін бұл бағдарламалар өте тиімді.  Несиелік қаражатқа қол жеткізудің бірқатар шарттары бар. Соның бірі - қаржыландыруға өтінім беру сәтінде азаматтар және шаруа қожалығы басшысы мен барлық мүшелерінің жасы 21 мен 35 жасы аралығында болуы тиіс. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеудің болуы мен микрокредит алу үшін сенім білдірілген өкілге жүгінген кезде салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу мерзімі бес жылдан кем болуы тиіс. Өтінім берудің алдында қарыз алушының соңғы 2 жыл ішінде банктер мен қаржы ұйымдары алдындағы берешегінің болмауы да қаралады. Азаматтар несие қаражатын қолма-қол ақшасыз нысанда жұмсайтын болады”, - дейді Марлен Набиев. 

Сондай-ақ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Мұрат Баймағамбетов азаматтарға микрокредит мерзімі мен сыйақыны өтеу кезеңі туралы мәлімет беріп, номиналды сыйақы мөлшерлемесі жайлы да айтып өтті. 

“Микрокредит мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін, басқа бағыттар үшін 5 жылға дейін беріледі. Микронесие мөлшері 5 миллион теңгеге дейін. Сонымен қатар, номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 2,5 пайыздан аспауы қажет. Сонымен қатар, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін сыйақыны қызмет бағыты мен бизнес-жоспарға байланысты ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет және жылына бір рет өтеу керек. Ал, басқа бағыттар үшін ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, жылына бір реттен төлеп тұру маңызды”, - деп атап өтті Мұрат Баймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу