Маңғыстауда ауыл тұрғындары өз күштерімен жол жөндеп жүр

295

Атамекен ауылдық округінің тұрғындары өз күштерімен жолдың ой-шұңқырын жөндеуге шешім қабылдады. 

Маңғыстауда ауыл тұрғындары өз күштерімен жол жөндеп жүр Фото: Ауыл тұрғындарынан

Олар жергілікті әкімдіктің құрғақ уәделерінен шаршап, жағдайды өз бетінше қалпына келтіруге кірісті. Алдымен  ортақ ақша жинап, жөндеуді бастады. Атамекен ауылдық округінде 43 мың адам тұрады. Елді мекен 11 тұрғын үй массивіне бөлінген. Ауыл мен қаланы байланыстыратын жол қозғалысы қиын. Шұрық-тесік жолдардың салдарынан көлік жиі бұзылады.

"Жөндеуді күтуден шаршадық,  бәрін өзіміз жөндейміз деп шештік. Құрылыс материалдарын әкеліп, түнде қозғалыс болмаған кезде жұмыс істедік. Содан кейін бәрі қатып қалған кезде көлік жүрмеуі үшін таңертеңгі алтыға дейін қарауылға тұрдық. Арнайы белгі қойдық", - дейді тұрғындар.

Ұзындығы 5,5 шақырым болатын екі көшедегі шұңқырлар бітелді.

"Біз бұл жолды арнайы жөндемейміз, өйткені оны толық қайта салу жоспарлануда. Жоба әзірленді. Бүгінгі күні құнын анықтау үшін қайта тексеруден өтеді. Қазірдің өзінде мердігер ұйым анықталды. Республикалық бюджеттен қаржыландыруды күтеміз және жұмысты бастаймыз", - деді Мұнайлы ауданының ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Болат Байбозов.

Осы уақытқа дейін аудандық бюджеттен жолдарға 33 млн теңге бөлінді. Олар Атамекен, Баянды, Батыр және Маңғыстау ауылдарында жол жөндеуге жұмсалған. Сол сомаға жолдың таңбасы қойылып, жол белгілері орнатылды. Қалпына келтірілген жолдардың жалпы ұзындығы 91 шақырымды құрайды.                                                                                                                                                                                                                                                                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу