Маңғыстауда ауылға көгілдір отын берілді

666

Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылы Бегей жерінде 40 тұрғын үйге ұзақ жылдар бойы газ қосылмаған еді. Шағын ауылға газ құбыры тартылып, іске қосылды. Көгілдір отынға қол жеткізген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. 

Маңғыстауда ауылға көгілдір отын берілді Фото: inbusiness.kz

"Күн салқындай бастағанда қалаға үй жалдап кетуші едік. Балалары осында оқитындар от жағып, электр пешін қосып әбден қиналып жүрген. Енді үйімізде газ бар. Үйіміз ұядай жылы. Өте қуаныштымыз",- дейді тұрғындар.

Тұрғындарды газбен қамту шарасы мұнымен тоқтамайды. Бұл жоба аясында ауылдың жаңадан қосылған көшелеріне де көгілдір отын құбыры тартылмақ. Осы уақытқа дейін Ақшұқыр ауылының теңіз жағалауы мен Бегей жеріндегі үйлерді қосқанда 1500-ге тарта учаскеге газ желісінің қажеттілігі анықталып, жобалық-сметалық құжаты дайындалған болатын. Аталған құрылыс толық аяқталғаннан кейін ауылдағы газ мәселесі толықтай шешімін табады. Мердігер мекеме – "Шебер құрылыс" ЖШС. Жоба аясында Бегей жерінен бөлек, тағы 7 аумаққа газ өтеді. Бұл жұмыстар 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу