Маңғыстауда ауылішілік автокөлік жолдарының құрылысы жүруде

938

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының орталығынан 7 шақырым қашықта орналасқан Маңғыстау елді мекені мен 11 шақырымдағы Ералы стансасына қарай ауылішілік автокөлік жолының құрылысы жүріп жатыр.  

  Маңғыстауда ауылішілік автокөлік жолдарының құрылысы жүруде

Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асан Чукиннің мәліметінше, қос автокөлік жолының құрылысы қараша айының соңында аяқталады.

"Жоба "Ауыл-ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Бүгінде арнайы техникалар жұмылдырып, қызу жұмыс жүріп жатыр. Екі елді мекеннің жол құрылысына 194,6 млн. теңге жұмсалады. Оның 90%-ы республикалық бюджеттен, 10%-ы жергілікті бюджеттен бөлінеді", - деді Асан Чукин.

Осылайша, ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген жолдар айнадай жарқырай түспек.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу